RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда шахматтан халықаралық KazChess Masters Almaty 2026 турнирі өтіп жатыр

26.10.2026, 20:00 39

Додаға Әзербайжан, Беларусь, Армения және Өзбекстаннан келген танымал гроссмейстерлер қатысуда, деп хабарлайды 24KZ.

Олардың қатарында рапидтен әлем чемпионы Даниил Дубов пен дүниежүзілік шахмат олимпиадасының екі дүркін жеңімпазы Шамсиддин Вохидов бар. Турнирде Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды. Олардың арасында әлем чемпионы Эдгар Мамедов және шахмат олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері Алуа Нұрман бар. Турнир айналмалы жүйе бойынша тоғыз турдан тұрады. Қатысушылар жалпы жүлде қоры 25 млн теңгені сарапқа салады. Ойын нәтижелері FIDE халықаралық рейтингіне есептеледі.

Гүлмира Дәулетова, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры:

– Барлық шахматшыларымыздың келіп, Қазақстан шахматшыларымен өз тәжірибелерімен бөлісуі біз үшін үлкен мақтаныш әрі құрмет. Бірінші орын алған қатысушыға 7 млн теңге, екінші орын иегеріне 5 млн теңге, ал үшінші орын алған қатысушыға 3,5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz