RU
Толық нұсқаға өту

Бағдат Сабаз күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

27.10.2026, 21:15 37

Астанадағы әлем чемпионатында грек-рим күресінің өкілі Бағдат Сабаз қола жүлде еншіледі. Ол 67 келіде әлемдік рейтинг көшбасшысы, Олимпиада жүлдегері әзербайжандық Хасрат Джафаровтан 7:5 есебімен басым түсті.

Сабаз жарыс жолында қырғыз және болгариялық қарсыластарын тізе бүктірді. Ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы, ирандық Саид Эсмаилиден жеңіліп қалды. Дегенмен Эсмаилидің финалға шығуы отандасымызға жұбаныш белдесуіне жол ашты. Бағдат грек-рим күресінен дүниежүзілік бәсекеде Қазақстан қоржынына үшінші қола жүлдені салды. Бұған дейін Исхар Құрбаев пен Айдос Сұлтанғали үшінші орынға ие болған еді. Бүгін бұрымды қыздарымыз да бозкілемге шықты. Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова ертең жұбаныш белдесуі арқылы қола медалға таласады. 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz