RU
Толық нұсқаға өту

18 спортшымыз Олимпиадаға қатысады

28.10.2026, 10:15 48

31 қазанда Сенегал астанасы Дакарда жасөспірімдер арасындағы кешенді ойындар өтеді. Байрақты бәсекеде қазақстандық өрендер 11 спорт түрінде бақ сынайды. 

Зарина Толыбай – Әлем чемпионы

Черногорияның Будва қаласында жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода мәресіне жетті. Финалға төрт бірдей боксшымыз шыққан болатын. Араларынан қыздар арасында аса ауыр салмақтағы Зарина Толыбай ғана алтынға қол созды. Ол ақтық сында ресейлік Самира Итониевамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңісті жұлып алды десек те болады. Өйткені бірінші және екінші раундтарда тең нәтиже тіркелген. Соңғы кезеңде қарсыласын есеңгілеріп, төреші есеп ашуға мәжбүр болды.

Бұған қоса, 57 келідегі Алина Құдайгенова, 70 келідегі Бибарыс Әшірбай мен аса ауыр салмақтағы Владислав Саможоновтар күміс жүлдегер атанды. Алина ресейлік, Бибарыс ирландиялық, ал, Владислав өзбекстандық спортшыларға есе жіберді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Топ басында Ресей, АҚШ және Өзбекстан командалары.

Қоржынымызға қола медаль түсті

Қоржынымызға тағы қола түсті. Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың алғашқы күндері грек-рим күресі бойынша барлық медаль сарапқа салынды. Алдымен 55 келідегі Исхар Құрбаев пен 60 келідегі Айдос Сұлтанғали қола медалға қол созған еді. Артынша жеңіс жолын 67 келідегі Бағдат Сабаз жалғады. Салмағында бәсекелестік жоғары болғанына қарамастан, Бағдат жеңіске деген жігер танытты. Әсіресе қола жүлде үшін белдесуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері және Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері әзербайжандық Хасрат Джафаровтан басым түсті.

Енді алда әйелдер күресі және еркін күрес бойынша бәсекелер болады. Дүниежүзілік дода 1 қарашаға дейін жалғасады.

Тағы бір айта кетерлігі, байрақты бәсекеге 135 елден 900-ге жуық балуан қатысып жатыр. Бұл өзіндік рекорд саналады.

Құрлықтық хоккей лигасы

«Барыс» алдыңғы үштікке кіре алады. Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық клуб сырт алаңдағы матчтар сериясын жалғасырып жатыр. Михаил Кравец баптайтын жігіттер бүгін Минск қаласында жергілікті «Динамомен» жолығады.

Қазақстандық команда қазір шығыс конференциясының бесінші сатысында тұр. Егер бүгін жеңіске жетіп, үш ұпай еншілесе, турнир тізімінде екі саты көтерілуіне мүмкіндік бар.

Жалпы «Барыс» биылғы маусымды өте сәтті бастады. Тек соңғы кездесулерде қарсыластарына есе жіберіп жүр. Мәселен, ең соңғы ойын Екатимринбург қаласында өтті. «Автомобилист» пен «Барыс» арасындағы матч 4:1 есебімен аяқталды. Құрлықтық хоккей лигасының негізгі чемпионатында әр команда 68 ойыннан өткізеді. Әзірге «Барыс» тек 21 ойынға ғана қатысты. Шайбалы хоккейден халықаралық лига наурыз айында мәресіне жетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz