RU
Толық нұсқаға өту

Зейнеп Баянова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

29.10.2026, 10:15 36

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартып, үздік 100 теннисшінің қатарына қосылды. Қазақстандық спортшы Қытайда өтіп жатқан турнирдің жұптық сайысында жартылай финалға өтіп, мансабында алғаш рет 95-ші орынға көтерілді. Ол Нидерланд өкілімен бірге, ресейлік және ұлыбританиялық дуэтке қарсы ойнап, жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 2:1. 

Әйелдер күресінен ел қоржынына алғашқы медаль түсті. Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионатының 5-ші күнінде Зейнеп Баянова қола жүлдегер атанды. Отандасымыз 50 келіде үшінші орынды Беларусь өкілімен сарапқа салып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ол 1/8 айналымда Өзбекстан өкілін жеңсе, ширек финалда моңғол қызынан басым түсті. Алайда жартылай финалда үндістандық спортшыға ұтылып қалған болатын. Енді әйелдерден 72 келідегі Жәмила Бақбергенова қола жүлдеге таласады. Оның қарсыласы бүгінгі жұбаныш белдесулерінен кейін белгілі болады.

Бүгін белдесетін палуандар

Бүгін еркін күрестен ерлер арасында 65 пен 97 келі салмақ дәрежелерінде іріктеу кезеңдері басталады. Әсіресе 97 келідегі бәсекеге толы белдесулерді жанкүйерлер асыға күтіп жүр. Онда Әлем чемпионаты тарихында алғаш рет 4 бірдей Олимпиада чемпионы күреседі. Олардың арасында америкалық Кайл Снайдер мен ресейлік Абдулрашид Садулаев, ирандық Хасан Яздани мен Бахрейн палуаны Тажудинов бар. Бұл салмақта ел намысын Ризабек Айтмұхан қорғайды.

Ризабек Айтмұхан, еркін күрестен ұлттық құрама мүшесі

- 97 келіні шыны керек бүкіл әлем күтіп жатыр. 4 Олимпиада чемпионы, одан бөлек қаншама елден мықты спортшылар келеді. Дайындық бәрі ойдағыдай жоспардағыдай. Ол план бізде жылдың басында жазылған болатын. Сол бойынша өзімізді көрсетуге бар күшімізді саламыз.

Ислам байрамуков, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері

- Ең күшті қазір бабында тұрған – Кайл Снайдер. Соны 1-орынға қоятын едім. Садулаевты өткенде көрдім Грузияда күресті, аяғын жарақаттап алды. Бірақ Снайдер кілтін тауып алған сияқты. Оны 10 жылда мұндай мықты бабында көрмеппін. Денесі де суытылған сәйгүлік секілді денесі өзгеріп кеткен.

«Барыс» сырт алаңда жеңіске жетті

«Барыс» сырт алаңда жеңіске жетті. Елордалық ұжым Минскіде «Динамомен»  кездесіп, 1:0 есебімен ұтты. Алғашқы екі кезеңде шайба соғылмай, ойын тең дәрежеде өрбіді. Шешуші үшінші кезеңде Симонов есеп ашып, жалғыз голдың авторы атанды. Енді «Барыс» ертең Петерборда «Шанхай Дрэгонс» командасымен кездеседі. Әзірге елордалықтар Құрлықтық хоккей лигасының шығыс конференциясында 23 ұпаймен 3-орында келе жатыр. 

Қазақстандық мергендер топ жарды

Шымкентте нысана көздеуден Владимир Почиваловты еске алуға арналған гран-при турнирі аяқталды. 10 күнге созылған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы 5 алтын еншілеп, жалпы есепте топ жарды. Екінші орынға ресейлік спортшылар жайғасса, үздік үштіктен Сингапур көрінді. Турнир осымен 35-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Сайысқа 13 елден 250-ге жуық мерген жиналды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz