Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды 24KZ.
Отандасымыз 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ресейлік Иналбек Шериевке есе жіберді. Қазақстандық балуан әлем чемпионатының шешуші белдесуіне дейін төрт қарсыласын тізе бүктіріп, небәрі бір ұпай жеңілген. Осылайша елордадағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті. Бұған дейін грек-рим күресінің өкілдері Исхар Құрбаев, Айдос Сұлтанғали, Бағдат Сабаз және әйелдер арасында Зейнеп Баянова қола жүлдегер атанған. Елордадағы дүниежүзілік бәсекеде ел намысын 35 бозкілем шебері қорғады.
Тегтер #24KZ #әлем чемпионаты #Нұрқожа Қайпанов #Астана #күміс жүлдеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz