Жезқазғанда дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. Тартысты додаға еліміздің әр өңірінен жиналған 400-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыс төрт күнге жоспарланған, деп хабарлайды 24KZ.
Бағы мен бабы қатар келіп, жеңіске жеткендер ұлттық құрамаға қабылданады. Айталық, былтыр байрақты бәсеке Алматы облысында ұйымдастырылған еді. Оған 394 дзюдошы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жалпы мұндай жарыстар жас дзюдошыларды шыңдап, жаңа есімдердің анықталуына мүмкіндік береді.
Асқар Әділбеков, жарысқа қатысушы:
– Қазақстан чемпионаты өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. Өзім бірінші схватка белдесіп шықтым. Осы жарысқа мен чемпион болуға келдім.
Айбек Имашев, ҚР Дзюдо федерациясының бас хатшысы:
– Жаңа есімдер бізді қуантуда. Бұл жерде кіл мықтыдан, кім мықтыны анықтайтын кез. Осы спортшылар Қазақстан чемпионатына бір жыл дайындалып келді. Әр спортшы өзінің өңірін қорғаса, ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайтын спортшылар болмақ.
Тегтер #24KZ #Жезқазған #Ұлытау облысы #дзюдо #Қазақстан чемпионатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz