RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҚТФ

WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакинаның топтық кезеңдегі қарсыластары белгілі болды

04.11.2026, 09:56 43

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінің топтық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды. Жарыс 8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді, деп хабарлайды «24KZ» ҰОК сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша, әлемнің бірінші ракеткасы бірінші топқа түсті. Онда ол америкалық теннисшілер Кори Гауфф және Джессика Пегуламен, сондай-ақ чехиялық Линда Носковамен кездеседі.

Ал екінші топқа Беларусь өкілі Арина Соболенко, ресейлік Мирра Андреева, украиналық Элина Свитолина және чехиялық Каролина Мухова енді.

Топтық кезеңде әр теннисші үш матч өткізеді. Әр топтан үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина – WTA қорытынды турнирінің қазіргі чемпионы. Былтыр қазақстандық теннисші финалда Арина Соболенконы жеңіп, жарыс жеңімпазы атанған болатын. Биыл Рыбакина чемпиондық атағын қорғауға мүмкіндік алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz