Алматыда таеквондодан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін жарыстың екінші күні.
Бекзат Үшкемпір, тілші
- Алматыдағы бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 350-ге жуық таеквондошы жиналды. Барлығының мақсаты – ел біріншілігінде жеңімпаз атану. Ерлер мен әйелдер жалпы саны 16 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Бүгін осы салмақтағы спортшылар мықтыларды анықтап жатыр. Жарыс қорытындысы бойынша Ұлттық құрама жасақталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың саны жағынан бұл – соңғы бес жылдағы ең ауқымды чемпионат. Ал таеквондоның бұл түрі Олимпиада және Азия ойындарына кіреді. Алғаш рет 2000 жылы Сидней олимпиадасының бағдарламасына енген. Елде бұл спорт түрі 90-шы жылдан дами бастады. Бұған тарихи Отанына оралып, осында Таеквондо федерациясын құрған Мұстафа Өзтүрік себепкер болды. 2008 жылы Бейжің Олимипадасындағы Арман Шілмановтың қола медалі бұл спорттың дамуына үлес қосты.
Чемпионат ертең аяқталады. Айта кетейік, жарыстың әділ өтуін қадағалап, қатысушыларға баға беретін 10-ға жуық төреші шетелден келді.
Тегтер #таеквондо #чемпион #салмақ #спортшыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz