Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Ұлттық команда сапындағы мансабын аяқтады. Бұл туралы футбол жұлдызы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Жанкүйерлеріне арнаған әсерлі жазбасында ол 23 жыл бойы қолдау көрсеткен әріптестеріне, бапкерлері мен құрама қызметкерлеріне және халқына алғыс айтты. Роналдудың Ұлттық құрамадағы дара жолы 2003 жылдың тамызында Қазақстанға қарсы өткен матчтан басталған. Осы уақыт ішінде ол команданың капитаны атанып, көптеген рекорд орнатты. Сондай-ақ екі ірі халықаралық турнирде жеңіске жетті. Атап айтсақ, 2016 жылы Еуропа чемпионатын, ал 2019 жылы Ұлттар лигасын жеңіп алды. 41 жастағы Роналду Ұлттық құрама сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан. Ол екі көрсеткіш бойынша да Португалия құрамасының абсолютті рекордсмені атанды.
Криштиану Роналду, португалиялық футболшы:
- Бұл оңай шешім болған жоқ. Өйткені кейбір шешімдер ақылмен ғана емес, жүрекпен де қабылданады. Португалия әрдайым жүрегімнің бір бөлшегі болып қала береді. Кездескенше!
Тегтер #Криштиану Роналду #ұлттық құрама #футбол #Instagram #жанкүйерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz