RU
Толық нұсқаға өту

Әсем Орынбай стенд атудан алғашқы олимпиадалық жолдаманы жеңіп алды

06.11.2026, 20:50 40

Ұлттық құрама өкілі Әсем Орынбай стенд ату бойынша Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды 24KZ.

Қазақстандық спортшы «скит» бағдарламасы бойынша іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, бес раунд қорытындысы бойынша 125 нысананың 121-ін дәл көздеді. Мұндай нәтижені бірнеше спортшы көрсеткендіктен, финалға шығатын мергендерді анықтау үшін қосымша ату сайысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Әсем Орынбай сегізінші орынмен финалға жолдама алды. Қазақстандық спортшы 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына жолдаманы да жеңіп алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz