RU
Толық нұсқаға өту

Астанада конкурдан Қазақстан чемпионаты басталды

07.11.2026, 11:44 37

Астанада конкурдан ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Байрақты бәсекеде жасөспірімдер мен жеткіншектер және балалар бақ сынап жатыр. Олар үш жас санатында өзара мықтыны анықтайды. Шабандоздардың дайындығы қалай екен?

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:

- Астана қаласындағы Арғымақ атшабарынан сөйлеп тұрмыз. Бір сағат бұрын байрақты бәсеке басталып, дүбірлі доданың шымылдығы әнұранмен түрілді. Елдің әр аймағынан спортшылар қатысып жатыр. Жарыс жолына алғаш болып, 12 мен 14 жастағы балалар шықты. Олар өз аттарымен 100 см-лік кедергіні еңсермек. Бірнеше сағаттан кейін жарысты жасөспірімдер жалғастырады. Оларға қойылған тапсырма 110 см болатын кермеден секіру. Ал чемпионаттың алғашқы күнін жеткіншектер қорытындылайды. Олар 120 см-ге секіру бойынша бақ сынайды. Айталық, биылғы жылдың басты бәсекесі ертең де жалғасын табады.  Ертең осы үш жас санаты бойынша спортшылар жүлделерді сарапқа салатын болады. Тек тапсырмалар қиындап, кермелер 10 см-ге жоғарылайды. Ал жеңімпаздарды марапаттаау 8 қараша күнгі сағат 16:00-ге жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz