RU
Толық нұсқаға өту
фото: olympic.kz

Бибарыс Әшірбай бокстан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты

07.11.2026, 20:35 70

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокс бәсекелері басталды, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сілтеме жасап.

Бүгін, 7 қарашада Қазақстан құрамасынан Бибарыс Әшірбай шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз 70 келі салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде Ливия өкілі Мохамед Джихадпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының 1/4 финалына шықты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz