Қазақстандық гимнаст Андрей Терман Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында жекелей көпсайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сілтеме жасап.
Отандасымыз алты снарядта өнер көрсетіп, 69,199 ұпай жинады. Дегенмен финалға шыға алмады.
Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетеді. Әйелдер арасындағы жекелей көпсайыста Ева Тациева сынға түседі.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын медаль иеленсе, Рамазан Әйнегов триатлоннан қола жүлдеге қол жеткізді.
Тегтер #гимнаст #Олимпиада #Дакар #көпсайысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz