RU
Толық нұсқаға өту

Бибарыс Әшірбай ширек финалда

09.11.2026, 09:20 46

Сенегал астанасы Дакар қаласында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні 70 келідегі өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Ливия өкілі Мохамед Джихадпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша Бибарыс ширек финалға жолдама алды. 

Олимпиаданың алғашқы жолдамасы

Әсем Орынбай Лос-Анжделес олимпиадасына жолдама алды. Бұл – Қазақстан қожынындағы алғашқы лицензия. Стенд ату шебері жуырда ғана Катарда өткен Әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады. Бұл нәтиже 2028 жылы АҚШ-та өтетін жазғы ойындарға қатысуға мүмкіндік берді. Әсем қазақстандық сұрмергендер арасында ең титулды спортшылардың бірі саналады. Ол 2022 жылы Әлем чемпионатында қола иеленген болатын. 2023 жылғы Азия ойындарында 2 алтын және 1 қола жеңіп алды. Ал Азия чемпионатының – тіпті жеті дүркін жүлдегері. Әсіресе 2022 жылы Алматы қаласында өткен құрлықтық доданың командалық сынында чемпион атанды.

Қоржынымызда бір күміс

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Биылғы байрақты бәсекеге1500-ден аса спортшы қатысты. Бұл – өзіндік рекорд. Араларында жеті ұлттық құраманың өкілі бар. Әсіресе 95 келідегі Нұрғиса Әділетұлы жақсы өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ол күміс жүлде жеңіп алды. Қалған жерлестеріміз, өкінішке орай алдыңғы үштікке кіре алмады. Ең тәуір нәтиже аса +86  келідегі Любовь Ковальчук пен 110 келідегі Артём Антроповта. Олар сәйкесінше, алтыншы және сегізінші орындарға тұрақтады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Құрамасы жалпы командалық есепте 12-орынға жайғасты. Топ басында – Солтүстік Корея ауыр атлеттері. Олардың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 3 қола бар. Екінші орында жергілікті яғни Қытай спортшылары болса, Мысыр елінен келген спортшылар үшніші орын иеленді.

Қазақстан құрамасы – Азия чемпионы

Қазақстан – үш дүркін Азия чемпионы. Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында хоккейден ерлер арасындағы құрлықтық дода өтті. Талғат Жайлауов жетекшілік ететін біздің жігіттер финалда Оңтүстік Корея өкілдерімен кездесті. Негізгі ойын уақытында тараптар шайба соға алмай, 0:0 есебі тіркелді. Қосымша уақытта да өзара мықтыны анықтау мүмкін болмады. Ал матч соңындағы буллиттер сериясында қазақстандық команданың жолы болды. Ұлттық құрама сапында Артур Гросс, Евгений Рымарев және Диас Гусейнов мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп – 4:3. Осылайша алтын жүлде Қазақстанға, күміс күлде Кореяға, ал қола жүлде Жапонияға бұйырды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылы Алматыда, 2025 жылы Бейжіңде өткен Азия чемпионаттарында да топ жарған болатын.

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz