RU
Толық нұсқаға өту

Ауылдарда жаңа спорттық алаңдар салынады

09.11.2026, 22:16 51

Келер жылдан бастап ауылды жерлерде жаңа спорттық алаңдар салынатын болды.

Ауыл спорт республикалық турнирін ұйымдастырушылар осындай игі бастаманы қолға алып отыр. Әлем және Олимп шыңын бағындырған саңлақ спортшылардың басым көпшілігі ауылды жерден шыққаны белгілі. Бірақ шалғай аймақтарда спорттық инфрақұрылымдардың жеткіліксіздігінен таланттар тасада қалып қойып жатыр. Әсіресе кәсіби жаттығуға арналған залдар мен алаңдардың тапшылығы балалардың спортпен жүйелі айналысу мүмкіндігін шектейді. Ендігі жерде мамандар осы олқылықтың орнын толтырсақ деп отыр. 

Ғалымбек Жақсылықов, AUYL SPORT жобасының жетекшісі:

- Халық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен биыл үшінші мәрте жалауы желбіреген Ауыл спорт -2026 жобасына еліміздің 17 өңірінен 400-ден аса үміткер қатысып, олар спорттың 8 түрі бойынша сынға түсті. Атап айтсақ, бокс пен күрес, каратэ мен баскетбол, волейбол мен шахмат және үстел теннисі мен шағын футболдан жүлделі орындар сарапқа салынды. Шалғай аймақтан алғаш рет Астанаға жолы түскен жас өрендердің қуанышында шек болған жоқ. Әсіресе танымал спортшылардың қолынан жүлде алған жеңімпаздардың төбесі көкке жетті. 

Томирис Тимурқызы, жарыс жеңімпазы:

- Ауыл спорт республикалық турнирінде топ жарған ұл-қыздардың алды халықаралық аренада ел намысын қорғап жүр. Нәтижелері де көңіл қуантады. Сербия мен Түркия және Ташкентте өткен турнирлерде жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Биылғы жарыста да таланттар топ жарды. Олар әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғайды деген үміттеміз. 

Жасөспірімдер Олимпиадасы

Сенегал астанасы Дакар қаласында жасөспірімдер Олимпиадасы жалғасуда. Қара құрлықта алғаш рет өтіп отырған доданың жексенбілік жарыс күні желаяқтар жүлделі орындарды сарапқа салды. Қысқа қашықтықта нигериялықтар алдына жан салмады. Қыздар арасында Розмари Нванкво 100 метрде 11,16 секунд нәтижесін көрсетіп алтыннан алқа тақса, ерлер арасында Гифт Брайт жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші 10,28 секунд. Ал 100 метрге кедергілер арқылы жарысқан қыздар арасынан қытай қызы Чжан Кэй бабында екен қарсыластарынан қара үзіп келді. Ал жағажай күресінен 45 келі салмақта жергілікті спортшы  Ндей Хади Анна Диатта жасөспірімдер Оимпиадасының жеңімпазы атанды. Ол тартысқа толы финалдық белдесуде Карен Риосты 3:1 есебімен ұтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz