RU
Толық нұсқаға өту

Керлинг шеберлері жеңіске жетті

10.11.2026, 20:40 46

Қатардан сүйінші хабар жетті. Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін велошабандоз Әнел Тәшбай жекелей сайыста ең үздік нәтиже көрсетіп, олимпиада жеңімпазы атанды.

Керлинг шеберлері жеңіске жетті

Шотландияның Абердин қаласында керлинг спортынан әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтіп жатыр. Екі топқа бөлініп сынға түсіп жатқан 16 құраманың арасынан тек үздік шыққан 6 команда ғана дүниежүзілік жарысқа жолдама алады. Қазақстан құрамасы А тобында Австрия мен Норвегия және Түркия мен Дания, сондай-ақ Испания мен Мексика және Ганконг құрамаларымен сайысқа түсуде. Жерлестеріміз үш кездесуі өткізіп, екеуінде жеңіске жетті. Бұған дейін Данияны тізе бүктірсе, кеше Түркияға есе жіберген. Бүгін Бүгін 7:4 есебімен Аустриядан айласын асырды. Ұлттық құрама сапында Абылайхан Жүзбай мен Әділ Жұмақожа және Айдос Аллияр мен Мадияр Қорабаев, сондай-ақ Дмитрий Гарагульдар өнер көрсетуде. Естеріңізге салайық, ерлер арасындағы керлингтен әлем чемпионаты сәуір айында Канаданың Сент-Джон қаласында өтеді.

Жасөспірімдер Олимпиадасы 

Сенегал астанасы Дакар қаласында жөспірімдер олимпиадасы жалғасып жатыр. Әзірше Қазақстан қоржынында дзюдодан Фатима Сұпығалиева ұтып алған бір алтын мен триатлонда Рамазан Әйнеговке бұйырған қола жүлде ғана. Енді таэквондошы Любовь Юнның жолына үмітпен қараймыз. Жерлесіміз ертең 63 келі салмақта бақ сынайды. Ал кеше 49 келі салмақта Ли Сиу финалда аустралиялық Маккензи Макдональды ұтып, Оңтүстік Корея қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Ерлер арасында Тайпейлік По Юй Чэннің тасы өрге домалады. Ол шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Асадбек Смандаровтан айласын асырып кетті. Садақ атудан қыздар арасындағы финалдық кезеңге тартысқа толы болды. Әсіресе алтын үшін айқас соңғы сәтке дейін созылып, түрік қызы Дунья Йенихайаттың тартқаны түзу ұшты. Одан кейін кезек алған Америкалық Хвангта ондықты дәл көздеген. Алайда сәл ғана басымдықпен түрік қызы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Қола жүлде испаниялық Сандра Перес Кумбрерасқа бұйырды.

Лука белсенген күн

Ұлттық баскетбол қауымдастығында Лос-Анджелес – Лейкерстің қарқыны күшті. Кеще Атланта Хоукс алаңына қонаққа барған Лейкерс қатарынан алтыншы ойында жеңіске жетті. Бұл ойында Лука Дончич көсілді. Жарақатынан айығып біраз уақыт үзілістен кейін алаңға қайта оралған словениялық легионер допты әбден сағынып қалса керек лақтырғаны ұпай әкелді. Бір өзі 32 ұпай Лука матчтың үздік ойыншысы болып танылды. Алаң иелерінің сапынан Александер Уолкер мен Си Джи Макколлумда мергендік танытып, барынша таразы басын теңестіруге тырысқан. Алайда шешуші кезеңде қонақтардың қарқыны үдей берді. Лукаға қол ұшын берген грузиялық баскетболшы Александр Мамукелашвили де Атланта қорғаушыларының әбден мазасын алды. Кездесудің қорытынды нәтижесі – 114 те 124. Лос-Анджелес Лэйкерстің пайдасында. 12 турдан кейін 22 ұпай жинаған Лэйкерс жеке дара топ бастады.

Авторы: Жандос Айтбай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz