RU
Толық нұсқаға өту

Бочча – жеңістің жарқын жолы

13.11.2026, 21:50 50

Қазақстан құрамасының спортшысы Кристина Шумекова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогінің алғашқы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды 24KZ.

Жерлесіміз 1000 метр қашықтықта 1 минут 15,64 секунд нәтижесін көрсетті. 

Бочча – жеңістің жарқын жолы

Елімізде бочча спорт түрі қарқынды түрде дамып келеді. Жерлестеріміздің Бразилияда өткен әлем кубогі жарысындағы жетістігі осы сөзімізге нақты дәлел. Ел намысын қорғаған үш үміткердің үшеуі де құры қол қайтқан жоқ. Жекелей сында Қуаныш Асқарбеков жеңімпаз атанса, Итиана Шыңғысханова пен Азамат Аманша күміс жүлдеге қол жеткізді. Одан бөлек, жерлестеріміз командалық сайыста да екінші орыннан көрінді. Жалпы бұл спорт түрінің басты құндылығы – пара спортшылардың шетсіз арманына қанат бітіру. Барлық қиындықты артқа тастап, спортқа ден қоюдың өзі үлкен ерлік десек, қыз-жігіттеріміздің халықаралық аренадағы жетістігі – расында ауыз толтырып айтарлық тарихи оқиға. Бұл – ерен еңбек пен төзімділіктің және табандылықтың жемісі. Бес жыл бұрын ғана боччаның әліппесін ашқан жерлестеріміз қазіргі таңда паралимпиадалық спорттағы мақтанышымызға айналды. Енді олар: «Лос-Анджелесте өтетін паралимпиада шыңын бағындырсақ», – дейді.

Айбар Қайым – күміс жүлдегер

Сенегал астанасы Дакар қаласында жасөспірімдер Олимпиадасы аяқталуға жақын. Бүгін семсерші Айбар Қайым Қазақстан қоржынына күміс медаль салды. Алдымен конголық қарсыласын ойсырата жеңген Айбар ширек финалда болгариялық Никола Мейцевтен 15:10 есебімен басым түсті. Жерлесіміз жартылай финалда сингапурлық Эштон Оумен кездесті. Теке-тіреспен өткен кездесу 15:13 есебімен Айбар Қайымның пайдасына шешілді. Ал финалда өкінішке қарай қазақ спортшысы түркиялық қарсыласына есе жіберіп күмісті қанағат тұтты.

Жасөспірімдер Олимпиадасы

Бүгін былғары қолғап шеберлері алтын медальдар сарапқа салды. Өкінішке қарай, ел намысын қорғауға барған жерлестеріміз шың басына шыға алмады. Біз үміт артқан Бибарыс Әшірбай 70 келі салмақтың финалында ұлыбританиялық қарсыласына 1:4 есебімен жол берсе, Ақнұр Тұрсынғали бразилиялық Сарп Кампосқа ұтылып күмісті қанағат тұтты. 48 келіде алжирлік Гунджан Ядав жеңімпаз атанса, ерлер арасында 55 келіде грузин Эмиль Исмаилов финалда австралиялық Марли Доддтан басым түсіп, алтын медальға иелік етті. Футзалдан Аргентина құрамасының асығы алшысынан түсті. Олар финалда Португалиямен жолыққан еді. Есепті Хоакин Песл ашып, командасын жеңіске жетелесе, екінші таймда Португалия құрамасының ойыншысы Жоао Карвальо таразы басын теңестірді. Матч аяқталар тұста Аргентина құрамасының капитаны Лоренцо Сампедро шешуші голдың авторы атанды. Қола жүлде Марокко құрамасына бұйырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz