Футболдан УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы маңызды мачтардың бірі Астанада өтеді. Кездесу 20:00-де басталады.
Жалпы есепте үшінші орындамыз
Қоржынымызда үш медаль. Оның біреуі – алтын. Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при өтті. Оның барысында 66 келіде өнер көрсеткен қазақстандық Нұрқанат Серікбаев барлық қарсыласын сенімді жеңіп, алтын жүлде жеңіп алды. Ол финалда бразилиялық Роналд Лимадан басым түсті.
Бұған қоса, ерлер арасында 60 келідегі Аман Бақытжан мен әйелдер арасында 48 келідегі Ғалия Тыныбаева финалға дейін жетіп, шешуші сында қарсыластарына есе жіберді. Соның арқасында екеуі де күміс жүлдегер атанды. Ал жалпы командалық есепте Қазақстан үшінші орынға тұрақтады. Топ басында 4 алтын алған Бразилия болса, екінші орынға 2 алтын алған Канада жайғасты.
ҚХЛ: «Барыс» «Металлургті» жеңді
«Барыс» «Металлургті» жеңді. Құрлықтық Хоккей лигасында өнер көрсететін қазақстандық клуб кезекті кездесуін өз алаңында өткізіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Бұл жолы Астанаға турнирлік кестенің топ басына тұрған Магнитогорск қаласының «Металлург» командасы келген болатын. Матч өте тарысты өтті және оның барысында 9 шайба соғылды. «Барыс» сапынан Джастин Бэйли хет-трик авторы атанды.
Сонымен қатар Чейз Приски мен Кирилл Савицкий мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп – 5:4. Осы жеңістен кейін «Барыстың» еншісінде 29 ұпай бар. Яғни Шығыс конференциясының бесінші сатысына көтерілді. Астаналық клуб келесі кездесуін сырт алаңда өткізеді. 18 қараша күні Уфа қаласында жергілікті «Салават Юлаевпен» жолығады.
Көкпардан Қазақстан чемпионаты өтті
Шымкент жігіттері ел чемпионы атанды. Түркістан қаласында көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Оған 9 аймақтың командасы қатысақан болатын. Олар 4 топқа бөлігіп, алдымен іріктеу кезеңіне қатысты. Одан кейін плей-офф, жартылай финал және финал ұйымдастырылды. Нәтижесінде Шымкент қаласы және Жамбыл облысы командалары бас жүлдені сарапқа салды. Шешуші ойында шымкенттік жігіттер 5:2 есебімен басым түсті. Ал осы команда сапындағы Жанболат Балқыбай ең үздік сұрмерген атанды. Ол ішкі біріншілік барысында 19 салым салды. Оның тізгіндеген тұлпары «Араб қасқа» үздік шабуылшы ат номинациясын жеңіп алды. Сонымен Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша алтын Шымкент қаласының, күміс Жамбыл облысының, ал қола Алматы қаласының командаларына бұйырды.
Тегтер #футбол #УЕФА #чемпионат #көкпар #дзюдо #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz