RU
Толық нұсқаға өту

Астаналық өрендер джиу-джитсуден әлем чемпионы атанды

16.11.2026, 21:55 18

Абу Дабиде өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында ел қоржыны бірнеше медальмен толықты. Әсіресе астаналық өрендер жоғары нәтиже тіркеді. Аралас жекпе-жек шебері Дамир Аманбаев жаттықтыратын спорттық команда бір алтын, бір күміс және екі қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды 24KZ.


Байрақты бәсекеде ересектер ғана емес, балалар мен жасөспірімдер де бақ сынады. Нәтижесінде Қасымхан Ақжол мен Бекболат Іргетай алтыннан алқа тағынды. Бірі – 12, енді бірі 13 жастағы қатарластары арасында сынға түсіп, әлем чемпионы атанды. Бапкерлердің айтуынша, жас спортшылар жарысқа бір жыл бойы дайындалған. Болашағынан көп үміт күттіреді. Келешекте көбі аралас жекпе-жек әлеміне кең танылғысы келеді.

Дамир Аманбаев, жаттықтырушы:

– Джиу-джитсуға екі жыл бұрын бет бұрдық. Негізінде балалар MMA-мен айналысады. Соған қарамастан осы спорт түрін де меңгеріп, әлем және Азия чемпионаттарына қатысып келеміз. Бір парасы тәп-тәуір жетістікке қол жеткізіп үлгерді. Ұлттық құрама мүшесі атанды.

Бекболат Іргетай, джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы:

- Абу Дабидегі әлем чемпионатына келіп мен бірінші орын, інім үшінші орын алды. Мен алты кездесу өткіздім, інім де алты жекпе-жекке шықты. Мен алтауын жеңдім. Інім біреуінде жеңіліп, бесеуінде жеңді. Әлем чемпионаты өте ұнады. Орын алғаным үшін тренерге алғыс айтамын.

Қасымхан Ақжол, джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы:

– 66 келіде сынға түсіп, алтын жүлде жеңіп алдым. Осы жарысқа арнайы дайындаған жаттықтырушылар мен ата-анама көп рақмет айтамын. Болашақта әнұранымызды талай жарыста шырқатсам деймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz