RU
Толық нұсқаға өту

Ауыр атлетикадан ел үздіктері анықталды

18.11.2026, 09:00 17

Қазақстан таеквондошылары Хорватияда үш медаль жеңіп алды. Хорватия астанасы Загребте дәл осы спорттан халықаралық турнир өтті. Оның барысында 59 келідегі Нұрай Амангелді мен 68 келідегі Балгерім Өтеген алтын, ал аса ауыр салмақтағы Сабина Тyртyлова күміс иеленді. 

Жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Жас боксшылардың қарым-қабілеті жақсы. Енді ең үздіктерін Құрамаға алып, кешенді жұмыстануымыз керек. Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев Астанада өтіп жатқан ішкі біріншілікке қатысты осындай пікір білдірді.

Айта кетейік, мұнда бірер күн бұрын бокстан Жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Оған 300-ден аса қатушы жиналды. Араларында Ұлттық құрамадағы жігіттер де бар. Олар енді он салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды. Осы жарыс қорытындысы бойынша алдағы жылы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын негізгі команда жасақталады. 19 жасқа дейінгілер арасындағы Ішкі біріншілік бір аптаға созылады. Жартылай финалдық және финалдық айқастар 21 және 22 қараша күні өтеді.

Ауыр атлетикадан ел үздіктері анықталды

Ел үздіктері анықталды. Астанада ауыр атлетикадан жылдың басты жарыстарының бірі ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Оған 200-ге жуық қатысушы жиналды. Жарыстың алғашқы күндері 4 салмақтағы жеңімпаздар белгілі болды. Атап айтқанда, әйелдер арасында 49 келіде жамбылдық Айнұр Абдықалықова, ал 53 келіде жетісулық Әйгерім Әуелбек ең үздік нәтиже тіркеді. Ерлер арасында 60 келіде батысқазақстандық Өтепберген Әлиев, 65 келіде қызылордалық Мұхаммедали Қойшыбек ел чемпионы атанды.

Бүгін және алдағы күндері басқа салмақтардағы бәсекелер болады. Астана қаласындағы Ішкі біріншілік 22 қарашаға дейін жалғасады.

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетеді

Бас бапкер қызметінен кетеді. УЕФА Ұлттар лигасындағы сәтсіздіктер сериясынан кейін осындай шешім қабылданды. Бұл туралы ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн мәлімдеді. Баспасөз мәслихаты барысында қазақстандық ұйым мен нидерландылық маман арасындағы келісім осы аптаның соңында аяқталатыны белгілі болды. Қазақстан Футбол федерациясы Джон ван’т Схиппен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдаған. Осылайша Қазақстан құрамасы алдағы уақытта басқа бас бапкер іздеуге кіріседі. Осылайша Джон ван’т Шкип Қазақстан құрамасы тізгінінде үш айдан астам уақыт болып, ресми алты матч өткізді және оның бірде бірінде жеңіске жете алмады. Ұлттар лигасының C дивизионында өнер көрсеткен ұлттық құрама Словакиядан бір рет, Молдовадан екі рет жеңілсе, қалған үш ойында тең нәтиже тіркеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz