RU
Толық нұсқаға өту

Жетісулық зілтемірші жеңіске жетті

19.11.2026, 22:50 29

Қазақ теннисшісі Жібек Құламбаева, Чилиде өтіп жатқан халықаралық жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Жібек словениялық Вероника Эрьявецпен бірге жұптық сайыста Түркия мен Грекия жұбын 6:0, 6:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды 24KZ.

Жетісулық зілтемірші жеңіске жетті

Ауыр атлетикадан Астанада өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші жарыс күні жұрт 70 келі салмақтағы жігіттердің жарысын күтті. Осы салмақта өнер көрсететін жетісулық Сайремкез Ақмолда мен түркістандық Дәулет Алпысбай және Сергей Чуевтар арасындағы тартыс немен аяқталарын алдына ала болжау қиын еді. Рас, басты үміткер Сайремкез екеін сөзсіз. Бірақ Азия ойындарында серпе көтеруде өрескел қателік жіберген спортшы аз ғана уақытта бабына келіп үлгерді ма деген сауал тұрды. Бұл жолы Жетісулық зілтемірші барлық мүмкіндігін мүлт жібермей қоссайыс қорытындысы бойынша 302 ұпай жинап ел чемпионы атанды. Екінші орын Дәулет Алпысбайға бұйырды. Жұлқа көтеруде 130, серпе көтеруде 156 келі салмақты еңсерген Түркістан өкілі қоссайыста 286 ұпай жинады. Қола Сергей Чуевтің қанжығасында кетті.

Мата мансабын аяқтады

Мәңгілік ештеңе жоқ. Үлкен спортта жүргендер де ерте ме кеш пе мансабын аяқтауға мәжбүр. Хуан Мата есімді футболшы да бутсиін шегеге ілді. Бірақ испаниялық футболшының өткенге өкпесі болмауы тиіс. Өйткені Роналдуға бұйырмаған әлем кубогын алды, Еуропа чемпионы атанды. Клубтар сапындағы жетістіктерін тізер болсақ, талайға барамыз. Ең бастысы, еуропаның еңселі клубтарында доп тепті. Сан мәрте жеңістің тәтті дәмін татып, жеңілістің ащы дәмін де сезінді. Мыңдаған жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» сапында жасындай жарқылдаған футболшы Түркияның «Галатасарайын» төрге сүйреді. Соңғы жылдары жасыл құрлыққа барып доп тепкен Хуан Мата 38 жасында осындай шешім қабылдапты. Тамаша басталған спорттық ғұмырына әдемі нүкте қоя білген Хуант Мата талайға үлгі болып қала береді.

Алькарас жартылай финалға жақындай түсті

Туринде теннистен жылдың қорытынды турнирі жалғасуда. Испаниялық Карлос Алькарас осы жарыстың басты фавориті дегенді айтқанбыз, іс жүзінде де Алькарас өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Алдымен америкалық Фрэнсис Тиафоны 6:2 6:2 есебімен ұтса, кеше ресейлік Данилл Медведевті сан соқтырды. Карлос бірінші сетте қарсыласына бас көтертпеді. 6:2 есебімен ала шықты. Екінші сеттің ортасында үзіліс алып кортқа дәрігер шақыртты. Осы кезде Алькарас жанкүйерлері біраз уайымдап қалған. Бірақ испан теннисшісі қарқынын жоғалтпады. 6:2 6:4 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финал мәселесін шешіп қойды. 

Авторы: Жандос Айтбай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz