Петропавлда ересектер арасында кикбоксингтен Қазақстан кубогы өтіп жатыр. Елдің 10 өңірінен жиналған 100-ден астам спортшы өзара сайысқа түсті. Үздік шыққандар спорт шеберіне үміткер атанып, Ұлттық құрамаға қабылданады, деп хабарлайды 24KZ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, елде кикбоксингке қызығушылық артып келеді. Қазақстан спортшылары Азия елдері арасында көш бастап тұр. Ал әлемдік деңгейде төртінші орынға жайғасты. Биылғы ел кубогы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналды. Талай додада топ жарған спортшы 2016 жылы қатерлі дерттен көз жұмған еді.
Ерлан Шағбан, ҚР Кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы:
– Азамат Нұрпейісов – өзіміздің ағамыз. Мен ол кісімен бірге жарысқа қатысқанмын. 2013 жылы Түркияның Анталия қаласында өткен әлем чемпионатында Азамат Нұрпейісов өзінің шеберлігі мен күшінің арқасында екінші орын иеленді. Ол талай рет халықаралық аренада Әнұранымызды шырқатып, көк туымызды желбіреткен мықты азамат.
Тегтер #Петропавл #кикбоксинг #Қазақстан кубогыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz