Отандасымыз Санжар Ерұланұлы дзюдодан жастар арасында әлем чемпионы атанды. Ол Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан байрақты бәсекеде 100 келі салмақ дәрежесінде топ жарды, деп хабарлайды 24KZ.
Санжар алғашында Германия спортшысы Даниил Спиридоновтан басым түсті. Кейін Италия өкілі Франческо Маццоннан айласын асырды. Ширек финалда Әзербайжан балуаны Давуд Намазлиді ұтты. Жартылай финалда Испания өкілі Никита Юдановты жеңді. Финалда жапониялық Шокей Хиранодан айласын асырды. Санжар Ерұланұлы 2024 жылы жасөспірімдер арасында да әлем чемпионы атанған еді.
Тегтер #Санжар Ерұланұлы #дзюдо #әлем чемпионы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz