RU
Толық нұсқаға өту

УЕФА Чемпиондар лигасы: бүгін бірнеше тартысты ойын өтеді

24.11.2026, 20:59 12

Футбол фанаттары Еуропа чемпиондар лигасын асыға күтіп отырғаны анық.

Жанкүйерлерге айтар жағымды жаңалығымыз бар. Енді Уефаның клубтық жарыстарын Хабар арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар!  Бүгін түнде болатын  Галатасарай мен Астон Вилла және Манчестер Сити мен Наполи арасындағы ойындарды көргіңіз келсе Хабар арнасын қосыңыз.

УЕФА Чемпиондар лигасы

Бүгін Еуропа алаңдарынада бірнеше тартысты ойын өтеді. Солардың ішіндегі сүбелісі Манчестер Сити мен Наполи кездесуі болмақ. Өйткені Италиялықтар бүгін сүрінсе, плей-оф кезеңінің ауылы алыстап кетеді. Ал ағылшындар да үш ұпай алуды көздейді. Біріншіден Манситидің мақсаты үздік сегіздіктен көріну. Сондықтан Мареска мәселені ертерек шешіп тастағысы келеді. Ағылшын премьер лигасында ала-құла ойнап жүрген Манчестер Сити бүгін жеңіске жетіп жергілікті жанкүйерлерді бір желпінтіп алсақ деп отыр. Тек Антуан Семеньо ғана жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды демесеңіз, өзгелері бабында. Наполидың біраз ойыншысы әртүрлі себептерге байланысты Англияға келе алмады.  Дегенмен Аллегри шәкірттері Италия біріншілігінің соңғы турында Ториноны жеңіп турнир кестесіндегі жағдайын біршама түзеп алды. Бүгін қалай боларын уақыт көрсетеді.

УЕФА Чемпиондар лигасы

Бүгін ағылшын жерінде тағы бір тартысты ойын өтеді. Лондонда жергілікті Арсенал Дормунттың Боруссиясын қабылдайды.  Қазір Арсеналдың айдарынан жел есіп тұр. Артета командасы тіпті чемпиондық кубоктан басты үміткерлердің бірі.  Бүгінде алаң иелерінің жеңісіне бәс тігіп отырғандар жетерлік. Букайо Сака  ғана әлі жарақатынан айыққан жоқ. Ал өзге футболшылар алдағы болатын ойынға тас-түйін дайын- дейді бас бапкер Микель Артета. Хорватиялық маман Нико Ковач жаттықтыратын Неміс клубы да осалдар қатарынан емес. Егер ойыны жүрсе кез-келген мықтыны таптап өтетін қауқары бар. Сондықтан да бұл ойын бүгінгі кештің тұздығы болып тұр.

Азия чемпиондар лигасы

Ал Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңінде кішігірім сенсация тіркелді. Сауд Арабиясының серкесі Аль Хиляль бұған дейін қарсыластарын қоғадай жапырып турнир кестесінде топ бастап келген. Кешегі ойында  Симоне Индзаги шәкірттері сүрінеді деп ешкім күтпеп еді. Аль Хиляль Өзбекстанға қонаққа келіп Ферғанада жергілікті Нефтчи командасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Жұлдыз ойыншылар Олли Уоткинс пен Габриель Мартинелли голынан кейін қонақтар арқаны кеңге салып босаңдық танытты. Осы сәтті тиімді пайдаланған алаң иелері айналасы 15 минуттың ішінде  үш гол соғып үлгерді. Біреуін офсайд деп есепке алған жоқ. Осылайша Сауд Арабиялықтар турнир кестесінің төменгі сатысында келе жатқан Нефтчимен ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Ж.А  

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz