RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Olympic.kz

Михаил Шайдоров Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ең жоғары марапатына ие болды

26.11.2026, 15:19 20

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы  өтті. Жиында отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды, деп хабарлайды «24KZ».

Марапаттарды Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин табыстады.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ең жоғары марапаты – ҰОК орденімен 2026 жылы мәнерлеп сырғанаудан ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров марапатталды.

Данияр Қасқарауов «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі құрмет белгісіне ие болды.

Ал ауыр атлетикадан ұлттық құрама өкілдері Александр Уваров пен Алексей Чуркин, сондай-ақ таеквондодан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы Тамирлан Тілеулес II дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды.

Таеквондодан жастар арасында әлем чемпионы Айым Серікбаева Ұлттық Олимпиадалық комитеттің Құрмет грамотасын алды.

Сонымен қатар Қазақстан Таеквондо федерациясының бас хатшысы Арал Садықов I дәрежелі, ал Шымкент қалалық Таеквондо федерациясының президенті Олжасхан Уәлихан мен Түркістан облыстық Таеквондо федерациясының президенті Елдос Ахметов II дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz