RU
Толық нұсқаға өту

Астанада айтулы жарыс өтеді

26.11.2026, 22:30 15

Бүгін Еуропа лигасының 5-ші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды 24KZ.

Испанияның «Сельтасы» мен ағылшындардың «Борнмут» және Чехияның «Спартасы» мен Нидерландының «АЗ Алкмар» арасындағы тартысты ойындарды «Хабар» арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Астанада айтулы жарыс өтеді

Ертең Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында таеквондодан әлемнің кіл мықтылары бас қосады. Яғни дүниежүзілік Гран-при жарысының финалы өтеді. Осынау байрақты бәсеке елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. 38 елден келген 128 үміткер олимпиадалық бағдарламасына кіретін 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Спортшылардың арасында олимпиада және әлем чемпиондары бар. Жарыс қарсаңындағы баспасөз мәслихатына жиналған әріптестер әлемдік таеквондо тізгінін ұстаған Чунгвон Чоу мен ел таеквондосының басшысы Құдірет Шамиевке көкейде жүрген сауалдарын қойды. Сондай-ақ Темірлан Тілеулес пен Мария Севостьяновалар дайындықтары жәйлі баяндады. Гран-при бәсекесі 29-шы қарашаға дейін созылады.

Қыздардың қарқыны жақсы

Алматыда гандболдан қыздар командалары арасындағы Азия біріншілігі өтіп жатыр. Бұл сынға 10 елдің қол добы шеберлері қатысуда. Әзірше Қазақстан құрамасының қарқыны күшті. Марина Пивалова баптайтын жерлестеріміз әзірше үш ойын өткізіп ұпайдан шашау шығарған жоқ. Алдымен 37:18 есебімен Аустралиядан басым түссе, одан кейін үндістандық гандболшылардың осал тұсын тапты. Ал кеше Өзбекстан құрамасымен тартысты өткен ойында 3 ұпай айырмасымен яғни 32-де 29 есебімен жеңіске жетті. Енді жерлестерімізді нағыз сынақ күтіп тұр. Сенбі күні алаң иелері Азия чемпионатының күміс жүлдегері Оңтүстік Кореямен кездеседі. Азия чемпионаты үшінші желтоқсанға дейін жалғасады. Үздік төрттіктен көрінген командалар келер жылы Венгрия өтетін дүниежүзілік жарысқа жолдама алады.

«Бока Хуниорс» ширек финалда

Аргентинада жыл он екі бойы теңбіл доп бір тыным таппайды. Апертура бітсе Клаусура басталады. Одан ел кубогы жолындағы жарыстар бар. Қазір жергілікті жанкүйерлер Класурада кімнің асығы алшысынан түседі деген сауалға жауап іздеп жүр. Ширек финалға шыққан сегіз мықты анықталды. Солардың ішінде Бока Хуниорста бар. Олар кеше Мендосаның «Индепендьентесін» 2:0 есебімен ұтты. Бір кездері Марадона жасындай жарқылдаған Бомбонера стадионында ине шаншыр орын болған жоқ. Матчтың 18-ші минутында Леандро Паредес пенальтиден есеп ашып, алаң иелерін алға шығарса, екінші таймда Мигель Мерентиель екінші голдың авторы атанды. Егер қонақтар қапасын күзеткен Эмануель Гомес қырағылық танытпағанда Бока Хуниорста бес гол соғатын мүмкіндік болып еді. 30-шы қарашада өтетін ширек финалда Бока Хуниорс Химнасия Ла Платамен кездеседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz