RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ боксшылары Ташкентке жетті

27.11.2026, 08:14 20

Ұлттық құрама Ташкентке жетті. Бүгін жеребе тарту рәсімі өтеді. Ертең іріктеу кезеңі басталады. Өзбекстан астанасы бокстан жылдың шешуші жарысы деуге болады Әлем Кубогын қабылдайды. Қазір ол жерге 31 елден 142 былғары қолғап шебері. Бұл – World Boxing ұйымының арнайы рейтингіне кірген және аталмыш ұйымның арнайы шақыртуын алған қыз-жігіттер, деп хабарлайды 24KZ.

Яғни әр салмақта сегіз боксшыдан ғана бар. Ел намысын ерлер арасында Даниял Сәбит, Фарух Тоқтасынов, Аман Қонысбеков, Өнер Сейілхан, Сұлтанбек Айбарұлы және Дәулет Төлемісов сияқты жігіттер қорғайды. Әйелдер арасында Карина Ибрагимова, Бақыт Сейдіш, Шұғыла Нәлібай, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова бақ сынайды. Әлемдік аламан 28 қараша басталып, 4 желтоқсан мәресіне жетеді.

Еуропа лигасы: «Борнмут» пен «АЗ Алкмар» жеңіске жетті

Англиялық «Борнмут» испаниялық «Сельтаны» 2:1, ал нидерландылық «Аз Алькмар» чехиялық «Спартаны» 4:2 есебімен жеңді. Футболдан Еуропа Лигасындағы дәл осы матчтарды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетті және ойындардың шолуын «Хабар» арнасының әлеуметтік желідегі парақшаларынан көре аласыздар. Ал енді отандық спорттағы соңғы жаңалықтар алдағы топтамада. 

«Қайраттың» еурокубоктағы алғашқы жеңісі

«Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы жеңісіне жетті. Қазақстандық клуб бұл жолы өз алаңында швециялық «Мьелбю» клубын қабылдаған болатын. Алматы қаласында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 14 минутта Еркін Тапалов соқты. Қонақтардың есеп теңестіретін бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда Темірлан Анарбеков керемет сэйвтер жасап, нәтижені сақтап қалды. Осылайша, төрт матчтан кейін 5 ұпай жинаған «Қайрат» турнирлік кестенің 23-сатысына көтерілді. Яғни плей-офф аймағына кірді. Жора Арутуньян баптайтын жігіттер енді 10-желтоқсанда румыниялық «Универистатя Крайова» командасымен кездеседі. Бұл матч та Алматыда болады.

Зейнеп Баянова әлемдік рейтингте көтерілді

Зейнеп екінші орынға көтерілді. Біріккен күрес әлемі соңғы жарыстарды саралап, әлемдік рейтингті жаңартты. Оған сәйкес, ең жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Зейнеп Баянова екінші орынға тұрақтады. Ерекше айта кетерлігі, ол олимпиада чемпионы жапониялық Юи Сусакиді басып озды. Топ басында үндістандық Неелам Неелам ттұр. Бұл көрсеткіш 2028 жылы Лос-Анджелес олимпиадасы жолдамалары сарапқа салынғанда шешуші рөл атқарады. Сондықтан қазақ қызының әлемдік рейтингте көтерілуі аса маңызды. Батысқазақстандық қыз биыл ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жетті. Жыл басында Албаниядағырейтингілік турнирде топ жарды. Күзде Нагояда өткен Азия ойындары мен Астанада өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz