RU
Толық нұсқаға өту

Мәскеуде Б. Момышұлына арналған бокс турнирі басталды

27.11.2026, 15:26 30

Мәскеуде қазақтың даңқты батыры, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының құрметіне арналған алтыншы халықаралық бокс турнирі басталды. Жарысқа 13-14 жас аралығындағы жасөспірім спортшылар қатысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Биылғы додаға Ресейден бөлек, Қазақстан, Өзбекстаннан спортшылар келіп, бақтарын сынауда. Турнирдің басты мақсаты – жас боксшылардың шеберлігін шыңдау, халықаралық спорттық байланысты нығайту және Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтау. Халықаралық турнир 29 қарашаға дейін жалғасады. Жас спортшылар бірнеше салмақ дәрежесінде бақ сынап, оқ бойы озық шыққандар марапатталады.

Татьяна Полтавская, қала тұрғыны:

– Бүгін – ерекше күн. Себебі біз Қазақтың даңқты батырына құрмет көрсетіп отырмыз. Ол елінің даңқын асқақтатып, өзі туып-өскен, азамат болып қалыптасқан туған жерінің абыройын арттырды. Сол жерден майданға аттанды. Ол Отан соғысынан кейін бейбіт өмірде де елі үшін аянбай еңбек еткен батыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz