Қазақстандық боксшы Өнер Сейілхан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды 24KZ Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековтен басым түсті. Осылайша, Өнер Сейілхан кем дегенде қола жүлдені қанжығасына байлады.
Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова да (57 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алған болатын.
Тегтер #боксшы #Өнер Сейілхан #Әлем кубогы #жартылай финалPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz