RU
Толық нұсқаға өту
фото: olympic.kz

Қазақстандық конькишілер әлем кубогінде екі медаль жеңіп алды

29.11.2026, 23:00 27

Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сілтеме жасап.

Нео-сеньорлар санатындағы командалық із кесу жарысында ерлер құрамасы күміс, ал әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Абылайхан Қайырғазы, Азамат Сатқожа және Руслан Жанаділов күміс медаль жеңіп алды.

Ал әйелдер арасында Анастасия Беловодова, Айзада Рымбек және Алена Лифатова қола жүлдеге қол жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz