RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында «Әулиеата аңыздары» жинағының тұсауы кесілді

30.04.2025, 21:38 735

Жамбыл облысында «Әулиеата аңыздары» жинағының тұсауы кесілді, деп хабарлайды 24kz.

Кітап «Таза Қазақстан – тарих пен табиғаттың үндестігі» тақырыбындағы шара барысында таныстырылды. Басқаруда тарихы жерлердің мәселесі мен оның шешу жолдары талқыланды. Жиналғандар Ақыртас кешеніне тал егіп, айналасын қоқыстан тазартты.

Жамбыл облысы – елдегі тарихы терең әрі мәдени бай өңірдің бірі. Аймақта 3480 тарихи-мәдени ескерткіш орналасса, оның 5-і ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Бүгінгі басқосу солардың бірі Ақыртас кешенінде болды. Жиында туристік нысандардың инфрақұрылымын дамыту, жарық пен интернет желісін жүргізу арқылы турист тарту жайы талқыланды.

Нұржан Мергенбай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры:

- Тұрғындар сол тарихи орындар аумағына қоқыс төгеді. Топырағын тасып алады. Ал бұл бір уыс топырақта бүкіл бір өркениеттің ізі болуы мүмкін. Сондықтан осы тұрғындарға соны жеткізгіміз келеді. Үлкен тарихымызға мұқият құрметпен қарау, сыйлау, соны бүлдірмеу және де басқаға бүлдіртпеу Кейінгі ұрпаққа бойына сіңіріп, өсіру мәселесін қарастырып отырмыз.

Басқосуда «Әулиеата аңыздары» жинағы таныстырылды. Қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрген кітапта әр ауданнан 10 аңыздан жинақталған. Жоба авторлары жаңа жинақтың шетелдіктерді қызықтырарына сенімді.

Көсемәлі Сәттібайұлы, жазушы-журналист:

- Оның ішінде QR-кодтар орналастырылған. Соған қарап, кітапқа сыймаған мәліметтерді қосымша алуға болады. Ол, әсіресе, мына шетелдік туристер көбінесе ағылшынша сөйлейді, соларға өте құнды дүние. Олар бірден біріне жетіп, осы Ақыртас туралы біліп, біздің Тараз қаласына Жамбыл өңіріне туристердің жаңа легі пайда болады деп ойлаймын.

Іс-шара соңында қатысушылар Ақыртас кешені аумағына тал екті. Ал ерікті жастар тарихи орынды тұрмыстық қалдықтан тазартты. Жалпы бұған дейін экологиялық акция аясында аймақтағы 60 тарихи ескерткіш аумағы абаттандырылған.

Авторлары: Мерей Бает, Елдар Байділдә

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz