RU
Толық нұсқаға өту

Оралда Отан қорғаушылар құрметтелді

06.05.2025, 21:56 483

Оралда Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды 24kz.

Мерекелік шарада әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен еңбек ардагерлері марапатталды. Аймақтың 25 тұрғынына алғыс хаттар табысталды.

Отанымыздың тыныштығы мен тұтастығын қорғау әр азаматтың парызы. Жауынгерлік дәстүр мен ерлік рухты сақтап, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жандар қандай құрметке де лайық. Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шараға жиналғандарды облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, әскери қызметтің қасиетті борыш екенін атап өтті.

Нариман Төреғалиев, БҚО әкімі:

- Бүгінгі Қазақстан әскері – батыр бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрін жалғаған, Ұлы Жеңіс рухымен сусындаған, қуатты әрі кәсіби дайындалған құрылым. Президентіміз – ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Армия – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі. Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет», - деп атап өтті. Бұл – әскери қызметтің маңыздылығына берілген биік баға.

Салтанатты шара барысында аймақ басшысы облыста орналасқан әскери бөлім сардарлары мен құқық қорғау органдарының өкілдерін мүлтіксіз қызметі үшін марапаттады.

Жандос Құлбаев, Ұлттық ұланның батыс өңірлік қолбасшылығының басқарма бастығы:

- Қазіргі таңда Ұлттық ұланның жағдайы өте керемет деп айтуға болады. Неге десеңіз, бізге қойылған тапсырманы, жауынгерлік дайындығымызға, жауынгерлі қызметімізге бүкіл жағдай жасалған. Сондықтан қазір жастарға айтарым армияға келіңіздер! Отан қорғауға ешқашан қорқудың қажеті жоқ. Ол адал, мәртебелі қызметтің бірі деп ойлаймын.

Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

Авторлары: Е.Жылқайдарұлы, Қ.Ақрап

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz