RU
Толық нұсқаға өту

Тараздағы барлық көше бес жыл ішінде толық асфальтталады

08.05.2025, 16:16 547

Таразда алдағы 5 жылда асфальтсыз жол қалмайды, деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті билік жыл сайын қажетті қаржы бөліп көшелерлі толықтай жөндемек. Биылдың өзінде шаһардағы 100-ге жуық көше орташа жөндеуден өтеді. Жалпы биыл жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен 7,5 миллиард теңге бөлініп отыр.

Тараздағы «Бұрыл» тұрғын алабының жолдары биыл толықтай жөнделмек. Ондағы 75 көшенің 61-інде тас жол бар. Қалған 14-іне жыл соңына дейін асфальт жабындысы төселеді. 15 жылдан аса жол азабын тартқан тұрғындар үшін бұл қуанышты жаңалық. 

Бақыт Самыратбеков, қала тұрғыны:

- Техника деген осы жерде барлығы. Жұмыс қауырт барлығы жүріп жатыр. Кешке дейін тынбайды әйтеуір. Жақсы жұмыс істеп жатыр. Қазір енді автобустар да жүріп жатыр, жаман емес бәрі жақсы. «Оо көшелеріңіз жақсы болайын деп жатыр», - деп риза, қуанып жатырмыз біз де. Сол асфальтын төсесе, бір жақсылық болайын деп тұр.

Биыл облыс орталығында ұзындығы 61,4 шақырым болатын 95 көше мен бұрылыстарда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар 20 тұрғын алабындағы 100 көшеге шағылтас төселуде. Оған қоса 35 шақырымнан асатын жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, ауқымды 3 көше қайта жаңғыртылады.

Нұрсұлтан Исабеков, қала әкімінің орынбасары:

- 8 бригада жұмыс істеп жатыр, орташа жөндеу бойынша 27 бригада жұмыс істеп жатыр. Жыл соңына дейін осы 95 өткел жолдардың барлығын аяқтау біздің жауапкершілігімізде. Біз жылына 7,5 миллиард теңге қаражат қарастырып отырмыз. Бұл жұмыстар толығымен жыл сайын атқарылатын болады. 5 жылдың көлемінде біз қала аумағын толық асфальттау жұмыстарын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Таразда жол жөндеу жобаларының саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге дейін артқан. Жалпы биыл облыстағы автожол саласына 28 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 181 жоба жүзеге асырылады.

Авторлары: Мерей Бает, Елдар Байділді

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz