Өзбекстандық «Үш қаһарман» фильмі қазақ тілінде үлкен экранға шықты, деп хабарлайды 24kz.
Атыс-шабысқа толы драманың премьерасы Halyk IMAX Kinopark 16 кинотеатрында өтті. Өмірде болған оқидан алынған картинада кылмыспен күресте иық тірескен үш сақшының ерлігі баяндалады. Экшнға толы толықметрге отандық актер Тәуекел Мүсілім мен Nomad Stunts каскадерлері қатысқан.
«Үш қаһарман» экшнға толы драмасы өзбек елінің мемлекеттік тапсырысы бойынша таспаланған. Өмірде болған оқиға желісінен алынған фильмде үш полиция қызметкерінің қылмыспен күрестегі ерлігі баяндалады. Фильм режиссері Шохрух Расуловтың айтуынша, негізгі сахналарды таспалауға 70 күн кеткен.
Шохрух Расулов, режиссер:
- Көптеген қиын қойылымдар, сахналар бар. Ондағы трюктерді актерлердің өзі ойынап шықты. Мысалы, Ұлықбек Кадыров пен Тәуекел Мүсілімнің төбелесін 10 күн бойы түсірдік. Жүріп бара жатқан жүк көлігіндегі төбелес өте қауіпті әрі қызықты болды.
«Үш қаһарман» фильміндегі атыс-шабысты Nomad Stunts каскадерлік тобымен бірлесе актерлер өздері ойнаған. Басты үш кейіпкер – Тәуекел Мүсілім, Шохрух Хамдамов және Сирожиддин Сатторов қылмыстық топтың жетекшісі Ұлықбек Қадыровқа қарсы күш біріктіреді.
Тәуекел Мүсілім, актер:
- Бала кезімдегі арманым осындай атыс-шабыс, экшны бар сондай фильмге түскім келетін. Сол ұсыныс түскен кезде сценарийді оқыдым, ұнады. Бірден келісіп, екі жыл бұрын түсіріп бастадық
Ұлықбек Қадыров, актер:
- Бұл Өзбекстан киносындағы түсірілімі қиын фильмнің бірі болды. Экшн сахналардың көбі шынайы болса, кейбіреуі графикамен жасалды. Картинаның мақсаты – жастарды отансүйгіштікке баулу, бүгінгі күннің шынайы батырларын дәріптеу.
«Үш қаһарман» фильмі Өзбекстанда алғаш рет желтоқсан айында экранға шыққан. Қазақ тіліндегі нұсқасы Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар желісінен көрсетіледі.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Валентин Лобанов
Тегтер #Өзбекстан #фильм #қазақ тіліPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz