Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий келесі жылы күшін жояды. Осы орайда мемлекет басшысы жердің сатылмайтынын тағы да айтты.
Алайда ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық айналымға енгізу қажеттігін жеткізді. Үкіметке жерді тиімді пайдаланудың жолдарын ұсынуды тапсырды.
Президенттің айтуынша, бұл салада ғылымның дамуы кенжелеп қалған және кәсіби, білікті мамандардың тапшылығы бар.
«Үкімет жергілікті атқарушы билікпен бірігіп, қордаланған мәселелердің шешу жолдарын іздеуі керек. Оның ішінде, суару жүйелерін жаңғырту маңызды. Әйтпесе су қорының 40 проценті далаға кетіп жатыр» деді Мемлекет басшысы. Сондықтан жерді игеру жұмыстарын құқықтық-нормативтік тұрғыдан реттеп, экономикалық жағынан ынталандыру қажет.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz