RU
Толық нұсқаға өту

Ауыл әкімдері инвестиция тарта білуі керек – депутат

03.09.2021, 15:30 658

Биылдан бастап халық өз ауыл әкімін таңдауға мүмкіндік алды.

Енді сәйкесінше ауыл әкімі қаржылық дербестікке ие болу керек. Бұл үшін қандай жұмыстар жасалды? Осы тақырып бүгін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өткізген жиында талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ ауылға инвестиция тарту маңызды екені айтылды.

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әрине, ауыл әкімінің тағы бір критерийі - инвестиция тарту. Ол бюджеттік инвестиция және бюджеттік емес инвестиция. Кәсіпкерлерді тарта білу. Ауылдан шыққан азаматтар бар. Мектеп бітіргендер бар. Қай ауылға қанша қаражат келіп жатыр, сол әкім белсенді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz