RU
Толық нұсқаға өту
Егемен Қазақстан

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсеткендерге жаза қатаң болмақ – Жолдау

16.03.2022, 15:22 541

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қарастыру керек деді.

«Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл тұрғыда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарға қарсы тиімді шаралар үлкен рөл атқарады. Бүгінде азаматтар мен қоғам белсенділері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату қажеттігін жиі көтеріп жүр. Бұрын мен осындай құқықбұзушылықтарды криминализациялаудың орындылығын анықтауға нұсқау берген болатынмын. Бас Прокуратураға осы мәселені жан-жақты зерделеп, шешуді тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz