RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандағы соңғы өзгерістерді шетелдік сарапшылар да назарда ұстап отыр

03.09.2022, 14:57 2262

Еуразия құрлығы үшін маңызды мемлекет Қазақстандағы соңғы өзгерістерді шетелдік сарапшылар да назарда ұстап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ астанасында орналасқан «Newline институтының» директоры Камран Бохари қазіргі қазақ билігінің халық алдындағы уәдесін түсініп үлкен өзгерістерге қадам басқанын байқаймын дейді. Америкалық сарапшы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен оның әкімшілігі халықтың көңілі толмайтын мәселелерді тез шешіп беруді ғана емес болашақты әріден ойлайтынын көрсетіп отыр деген пікірде. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы 18-ге толғанша балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылатыны соған дәлел. Ел байлығының игілігін халық қалай көреді? Қазақстандықтарды мемлекет ісіне етене араластырып,,, қалайша елге инвестиция тартуға болады? Міне осы бағытта жасалған өзгерістер қазақ билігінің тар ұғымда емес ауқымды деңгейде болашақты көріп отырғанының дәлелі деп білемін дейді Камран Бохари. 

Камран Бохари, Newline institute  орталығының сараптамалық даму мәселесі жөніндегі директоры:

- Менің ойымша, қазір Қазақстан президент Тоқаевтың жетекшілігімен үлкен трансформациялық өзгерістің бел ортасында тұр. Билік қаңтар оқиғасы сияқты келеңсіздіктерді болдырмаудың барлық амалдарын жасап жатыр. Қоғамның талабына әділдік тұрғысынан қарап, азаматтарды саяси экономикалық өзгерістерді бірлесіп жасауға аралыстыру арқылы шешуге тырысуда. Ауқымды реформаларды қолға алды. Бұл жердегі ең бірінші маңызды қадам - референдум. Мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынып отыр. Осының бәрі биліктің халық алдындағы өзінің толық жауапкершілігін түсінетінін көрсетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz