Медицина қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсеткендер мен күш қолданғандарға жаза тағайындалады.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқаны үшін екі жылға дейін бас бостандығын шектеу ұсынылып отыр. Ал күш көрсеткендерге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылып отыр. Егер төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасалса, онда 10 жылға дейін қамау жазасы қолданылуы мүмкін. Ал бір топ қызметкерге шабуыл жасалса, бұның жазасы тіпті ауыр болмақ. Мұндай жағдайда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Тиісті заңға өзгертулер жыл соңына дейін енгізілмек.
Теги
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz