378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Транспорт және логистика. Қазақстанның транзиттік әлеуеті

  • 663

2004 жылы елімізде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру туралы келісім жасалған еді. Сол уақыттан бері бірнеше кезеңнен тұратын алып жобаның құрылысы басталды.

Қазіргі таңда «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрамына кіретін маңызды нысандардың бірі «Қорғас» халықаралық орталығы өз қызметін бастап та кетті. Өткен жылы бұл бекеттен 600 мың адам өтіп, қазынаға 75 млн теңге қаржы түскен болатын. Кеден қызметіндегі соңғы техникамен жабдықталған бұл нысанның уақыт үнемдеу мақсатындағы құжаттар санын азайту секілді ерекшеліктері бар. Бұл жоба толық іске асса, еліміздің бойымен бүкіл әлемге көлік «керуені» қатынайтын болады. Осы және өзге де жобаға тікелей қатысы бар нысандар жайлы бүгінгі бағдарламада тарқатамыз.

Хабар 24 телеарнасы