389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрылыс жобасы. Шатырды жөндеу жұмыстары

  • 1163

Тұрғын үйлердің шатыры жөндеу жұмыстарын жиі қажет ететін бөліктердің бірі. Төбеде ақаулар пайда болса баспананың жылу тарату және гидрооқшаулау жүйесі бұзылады. Осыған орай әр тұрғын үйде суық немесе жаңбырлы ауа райының барлық тосын мінезіне төтеп бере алатын шатырдың болғаны маңызды. Бұл әсіресе жоғарғы қабат тұрғындарын мазалайтын сұрақ. Айта кетейік, Қазақстандағы көпқабатты баспаналардың басым бөлігінде шатырлардың сапасы сыр бере бастаған. Себебі тұрғын үйлер осыдан шамамен 30 жыл бұрын бой көтерді. Яғни ондағы шатырларға күрделі жөндеу жасау керек. Қалай? Мемлекеттің көмегімен шатырларды жөндеу мүмкін бе?

Хабар 24 телеарнасы