388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

  • 408

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен С.Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

С.Тұяқбаев 1979 жылы туылған. 2001 жылы Таяушығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған.

2012-2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды, инвестиция, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне басшылық жасады.

2016 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрілігінің инвестиция Комитетінің Төрағасы. 2017 жылдың қарашасынан «НК «Kazakh Invest» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

Бұрындары қала әкімінің орынбасары болған Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы