431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық сарапшы АЭФ-тің маңыздылығына тоқталды

  • 751
  • UPD: 11:58, 01.05.2018
Америкалық сарапшы АЭФ-тің маңыздылығына тоқталды

Америкалық сарапшылар мамыр айында өтетін Астана экономикалық форумы күн тәртібінің маңыздылығын атап өтті.

Бұл жиынға бірқатар елдің танымал саясаткерлері, сарапшылар мен ғалымдар қатысады. Басқосудың нәтижесі бойынша әлемдік қауымдастық үшін ұсыныстар әзірлеп, әлемдік инвесторлардың қызығушылығын арттыру жоспары бар. Осы ретте шетелдік сарапшылар әртүрлі елдерде жақтастары бар G-Global ақпараттық-коммуникативтік платформасының рөлін де жоғары бағалады. 

Айзек Решад, сарапшы (АҚШ):

- G-Global мемлекетті және жеке секторларды біріктіру арқылы тамаша жұмыс істеп келеді. Жібек жолын қайта жаңғыртуға үкіметтік емес ұйымдарды тартып отыр. Жаңа бастамаларды жүзеге асырып, жаңа технологияларды енгізіп жатыр. Америкалық ретінде өзге елдермен технология алмасу үшін  G-Global-мен қарым-қатынасымыз нығая берсін дегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы