430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана экономикалық форумына әлемдік деңгейдегі инвесторлар келеді

  • 618
  • UPD: 08:02, 02.05.2018

Он жетінші мамырда әлемдегі ең беделді эксперттік сұхбат алаңдарының біріне айналған Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастайды.

Ал оның негізі осыдан тура он жыл бұрын қаланды. Яғни 2008 жылғы қаржылық дағдарыс бүкіл әлемдік экономиканы есеңгіретіп тастаған еді. Сол кезде бес құрлықтың белді де беделді сарапшыларын жинап, тығырықтан шығудың жолын іздейтін алаңның қажеттілігі туды. форум жұмысын бастаған 10 жылдың ішінде Астанаға 150 елден 50 мыңға жуық әртүрлі саланың маманы келіпті. Оның ішінде 20 Нобель сыйлығының лауреаты бар. Ал енді осының қажеті қанша дерсіз? АЭФ жасалған ұсыныстар 2012 жылы БҰҰ бас Ассамблеясының Пленарлық сесссиясында қаралып, жоғары бағасын алды. Сонымен қатар Ассамблея Қазақстанның дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік форум өткізу туралы бастамасын қолдады және ол жиын 2013 және 2014 жылы өтіп, соның нәтижесінде Астана декларациясы қабылданды. Сонымен қатар БҰҰ-ға мүше мелекеттердің әдемдік дағдарысқа қарсы жобасының негізгі бағыттары да осы жиында нақтыланды.

Айжан Мұқышбаева, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Ал Қазақстанға берері бұл жерде инвесторлар келіп, әлемдік деңгейдегі банктер келіп, біздің ұлттық компаниялармен, Қазақстанның бизнес өкілдерімен меморандумдарға қол қойылған болатын. Яғни біз инвесторлар тартуға мүмкіндік алдық.

Хабар 24 телеарнасы