428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ-ке қатысатын спикерлер саны 500-ге жетеді

  • 1296
  • UPD: 14:42, 03.05.2018
АЭФ-ке қатысатын спикерлер саны 500-ге жетеді

Биыл Астана экономикалық форумына қатысатын спикерлер саны рекордтық көрсеткішке жетпек.

Бас шаһарымызда өтетін атаулы жиынға 500-ге тарта маман жиналады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен отырыс барысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде осымен 11-рет өткелі тұрған алқалы жиынға қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Биылғы шараның тағы бір ерекшелігі форум үш күнге жалғасады. Сондай-ақ дәстүрлі мәселелерден бөлек жаңа тақырыптарды талқыға салу жоспарланып отыр.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Өзекті тақырыптар қатарына адамның қоғамдағы рөлінің өзгеруі, қоғамдық қарым-қатынастың дамуы сынды мәселелер қосылады. Денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп бағытының өркендеуі де сөз болады. Сондықтан әрбір саладан білікті мамандар бас қосып, 3 күн бойы қазіргі таңдағы мәселелерді талқыға салады.

Хабар 24 телеарнасы