428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ еліміздің сарапшыларына келешек даму стратегиясын құруға көмектеседі

  • 593
  • UPD: 20:33, 04.05.2018

Елордада өтетін Астаналық экономикалық форумы еліміздің сарапшылары мен саясаткерлеріне алдағы 2-3 жылға даму стратегиясын құруға септігін тигізеді.

Мұны Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Құш-құм-баев «XXI Астаналық экономикалық форум: 21-ғасырдағы жаһандық қауіп-қатерлер және Қазақстан» атты дөңгелек үстелде айтты. Оның пікірінше, жаһандық экономиканың басты бағыты цифрландыру жыл емес, күн санап өзгеріске ұшырап жатыр,. біздің ел соған ілесуі керек. Себебі әлемді өзгертетін - жаңа технология. Сондай-ақ мамандар «форумға қатысатын сарапшылардың басым бөлігі әлемді мойындатқан өз ісінің қас шеберлері, олардан үйренетініміз көп» деп отыр.

Дәурен Базаров, Еуразиялық интеграция институтының Департамент директоры:

- Әлемдік деңгейде болып жатқан бұл дамудан біз еш уақытта бөлек дами алмаймыз. Сондықтан біз бұл терендтермен бірге дамуымыз керек. 21-ғасырда мемлекет тұйықталып ғана дами алмайды. Сондықтан біз барлық әлемдік шақыруларға әзір болуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы