426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ: Әлеуметтік және ғылыми сипаттағы мәселелер де талқыланбақ

  • 1090
  • UPD: 17:51, 05.05.2018
АЭФ: Әлеуметтік және ғылыми сипаттағы мәселелер де талқыланбақ

Астана экономикалық форумында талқыланатын 11 жаһандық мәселенің бірқатары әлеуметтік және ғылыми сипатта.

Елордада бас қосатын саясаткерлер, ғалымдар мен түрлі сала мамандары білім беру, медицина, жаңа таза энергия әлемі және ресурстар жайын қозғайды. «Жаңа адам әлемі» сессиясына қатысушылар жасанды интеллектке байланысты ХХІ ғасырдағы оқыту үрдісін әңгімелейді. Сондай-ақ форумда инженерлік революция және қала құрылысы жобаларындағы технологиялар туралы да айтылады. Сарапшылар  жаһандық қауіпсіздіктің тақырыбын да қозғайды. Онда түрлі корпорациялар мен мекемелерде азаматтар туралы деректерді қорғау жолдары талқыланады.

Хабар 24 телеарнасы