429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экономика саңлақтары елордаға келе жатыр

  • 554
  • UPD: 08:44, 06.05.2018

Астана экономикалық форумының басталуына 11 күн қалды.

Талай тақырыпқа ту болатын басқосуда экономика саңлақтары сөз алып, пікір алмасады. Әлемдік ақылдасу алаңы секілденетен ЕХРО аумағында тағы да ғаламдық мәселелер төңірегінде сөз сайысы орын алады. Сарапшылар қатарында Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун, физик, футуролог Митио Каку, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша бас экономисі Ганс Тиммер сияқты белгілі тұлғалар бар. Форумның бағдарламасы бекітілген, ол баршаға таныс десек те болады. Мысалы, форумның ресми сайтында материалдар жеткілікті. 500-ге жуық сарапшының есім-сойы, өткен жолы да жазулы тұр. Форум ЕХРО көрмесінің конгресс орталығында өтеді. Әлемге жасыл экономика, баламалы қуат көзіне қатысты тақырып ұсынған «Астана ЕХРО-2017» халықаралық көрмесінде енді тағы бір беделді жиын өтетіні де дәстүр сабақтастығы секілденбей ме.

Хабар 24 телеарнасы