423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Стив Возняк Астанаға келеді

  • 447
  • UPD: 10:02, 07.05.2018

Apple компаниясының негізін салушы Стив Возняк Астана экономикалық форумына қатысуға келісім берді.

«Алма» жапсырылған ақылды құралдарды әлемге танытқан маман елордаға келе жатыр. Форум жұмысына қатысып қана қоймай, панельдік жиындардың бірінде сөз алады. Американдық өнертапқыш «микрокомпьютерлік революция» басында тұрғаны белгілі. «Біздің әлемнің өзгеруі» тақырыбында ойып тұрып пікір айталатын Стив мырза Apple I және Apple II компьютерлерін құрастырушы ретінде де танылған. Екі бірдей компанияның негізін салған Возняк GPS технологиясында да табысқа жетті. Ізденісі мен жетістіктері үшін әлемнің айтулы университеттерінде он бірдей құрметті доктор атағын иеленді.

Хабар 24 телеарнасы