422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг АЭФ-ке қатысады

  • 556
  • UPD: 21:28, 06.05.2018

Қазақстанда «жасыл экономиканы» қалай дамыту керектігін Астана Экономикалық форумы барысында Нобель сыйлығының экономика бойынша лауреаты Рае Квон Чунг кеңінен тарқатып айтып бермек.

Айтпақшы, ол біздің елге осыған дейін де келген болатын. Астана Экономикалық форумына бірнеше мәрте қатысты. Ал өткен жылғы сапары барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен кездесіп, Астанада жерасты қалашығын салуды ұсынған болатын. Сонымен қатар Қазақстанға Моңғолия, Қытай, Корея, Жапония елдері арқылы жел энергиясын экспорттауға кеңес берген еді.

Хабар 24 телеарнасы